06
мамыр
2019
Ұланбасы 2019
2019 жылдың 29 сәуір күні №236 орта мектебінде «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы сайланды.
Президенттікке 3 үміткер өтініш білдіріп тіркелді.
1.Дюсенгалиева Нұрай – 9 сынып
2. Есенгелді Дәулет – 9 сынып
3.Мәдетханова Аяжан -10 сынып
Үміткерлер өздерінің дайындаған сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлау рәсімі жабық түрде өрбіп, мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.
Ұланбасын сайлаудағы мақсат өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу болып табылды. Оның ішінде қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту міндеттелді. Сайлау қорытындысы бойынша үміткерлердің ішінен ең көп дауыс жинаған Мәдетханова Аяжан – 10 сынып оқушысы ұланбасы атанып, барлық жиналғандардың алдында ант қабылдады. Салтанатты жиын барысында мектеп директоры Ильясова Умит Еркебулановна құттықтау сөз сөйлеп, «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы атанған Мәдетханова Аяжан арнайы белгі тақты. Мәдетханова Аяжанға өзінің көшбасшылық қасиетін ұштай отырып, алдыңғы қатарлы оқушылардың бірі болуға тілектестігін білдірді.