03
мамыр
2017
Мектеп директорлар семинары
2017
жылдың 28 сәуірінде «№236 орта мектебі» КММ-де «Тиімді көшбасшылық:
көзқарас , бағыт, даму» тақырыбында аудандық мектеп директорларының семинары
өткізілді. Семинардың мақсаты: оқытудың интербелсенді әдістері арқылы семинарға
қатысушылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, көшбасшылық қасиеттерін
дамыту. Семинар 3 кезеңнен тұрды:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Практикалық кезең
3. Шығармашылық кезең
Семинардың ұйымдастыру кезеңінде мектеп директоры У.Е.Ильясова «Көшбасшы қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды, ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісімімен атқарады» деген тұжырымдаманы шахмат ойынындағы әдістер арқылы дәлелдеп, көшбасшының стратегия құруға және аналитикалық ойлау қабілеті жоғары болу керектігін айтып өтті. Сонымен қатар, әр сатыдағы көшбасшының бойына тән қасиеттерге тоқталып өтті.
Ұйымдастыру кезеңінің соңында «Лото» ойыны арқылы мектеп директорлары 3 топқа бөлініп, келесі кезеңдердің іс-шараларына қатысты.
Әр кезең 3 түрлі іс-шарадан тұрды.
2 кезең барысында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Б.С.Алтаева 5 сыныпта саяхат сабағы түрінде шеберлік сынып өткізді. Сабақтың тақырыбы « I went to America». Сабақ барысында постермен жұмыс, Америка Құрама Штаттары еліне саяхат, планшеттер арқылы жұмыс, рөлдік ойындар сияқты әдіс-тәсілдер қолданылды. Жалпы сабақ, Финляндия елінің білім жүйесіндегі сабақ жүргізу үлгісімен ұйымдастырылды.
Осы кезеңде пилоттық жоба бойынша химия және информатика пәндерінен кіріктірілген сабақ өткізілді. Сабақты химия пәнінің мұғалімі А.А.Аманжолова мен информатика пәнінің мұғалімі К.Б.Бузаухаев ұйымдастырды. Сабақ барысында оқушылар үштілділік жүйесі бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ тақырыбын меңгерді, түрлі тапсырмалар орындады.
Осы кезеңде орын алған тағы бір іс-шара – «Оқу-тәрбие үрдісіндегі модерация» тақырыбында өткізілген тимбилдинг. Іс-шараны мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Ж.Ахметжанова мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К.Оспанова ұйымдастырды. Іскерлік ойын барысында келген қонақтарға бейнеталдау, логикалық тапсырмаларды орындауға бағытталған тапсырмалар беріліп, пікірталастар арқылы модерация ұғымы ашылды. Жалпы, өткізілген іс-шараның түрі тимбилдинг екендігі көрсетіліп, оның өткізу ерекшеліктеріне тоқталып кетті.
3 кезеңнің барысында шығармашылық платформа ұйымдастырылды. «Ізденіс, даму, табыс» тақырыбы аясында А.К.Тишкамбаева және А.А.Құсайнов бейнелеу өнерінен және А.Ж.Токенова технологиядан келген қонақтармен жұмыс жасады. Шеберханада қонақтар өз таңбасы бар бояу әлемінде шығармашылықтарын көрсетті. Ақ парақ бетіне өздерінің қиялдары арқылы бір заттың бейнесін бояп, өз ой –пікірлерімен бөлісе отырды. Сурет салу әдістері ретінде жіппен, май шамымен, түтікшемен суреттер салынды, «айрис-фолдинг» әдісі қолданылды. Іс-шараның нәтижесінде, мектеп директорларының орындаған жұмыстарынан шығармалар галереясы жасалды.
Осы кезеңде әйел басшыларға арналған «Сенімділік – менің серігім» арт-коучинг өтті. Арт-коучинг адамның ішкі үәжін арттыру, оның өмірлік ұстанымдарын дұрыс таңдауға бағытталған. Түрлі маталарды қолданып, қатысушылар өздерінің ішкі дүниелерін сипаттады. Маталардан композициялар жасап, өздерінің отбасыдағы қарым-қатынастары туралы сипаттама алды.
Осы кезеңде педагогикалық идеялар шеберханасы барысында Қазақстанда қазіргі таңда іске асырылып жатқан жаңартылған білім мазмұнына байланысты бастауыш сыныптарының мұғалімдері Л.Н.Оспанова мен Ж.К.Абжатованың ұйымдастыруымен коучинг өткізілді. Мектеп директорлары тапсырмалар орындап, ХХІ ғасыр оқушыларының моделін құрастырып, жаңартылған білім беру бағдарламасында, ең алдымен, мұғалім өзінің көзқарасын, әдіс-тәсілдерін өзгерту екендігі туралы тұжырымдамаға келді. Көшбасшыларға ұстаз сындарлы ойлауларын байқау мақсатында проблема тастай отырып, қиялын дамыту жаттығулары ұсынылды. Мұндағы мақсат – оқушыларды да жетістікке жетелеудегі маңыздылығының зор екендігін ашып көрсету болды.
Жалпы, семинар қойған мақсатына жетті. Келген қонақтар «Еркін микрофон» әдісі арқылы рефлексия жасап, өздерінің пікірлерін білдірді.
Ашылуы