Біз туралы » Страница 2 » «236 орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«№236 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 474-25-67
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-34-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жарқын болашақ " Республикалық шығармашылық байқауы
10
сәуір
2023
"Жарқын болашақ " Республикалық шығармашылық байқауы
"Мұғалім мерейі" педагогикалық журналының ұйымдастыруымен "Жарқын болашақ " Республикалық шығармашылық байқауында 8-9-сынып оқушылары арасында "Кибербуллинг деген не? және ол несімен қауіпті? тақырыбы бойынша эссе жұмысы үздік нәтиже көрсетіп, шығармашылық дарынымен көзге түскені үшін 8-сынып оқушысы Нұртулеу Диляра мен 9-сынып оқушысы Жағпарова Балжан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі: Даулетова Венера Сатбековна
Тазалық айлығы
06
сәуір
2023
Тазалық айлығы
Ағымдағы жылдың 6 сәуір күні мектебімізде тазалық айлығы басталды. Мектеп ауласын көркейту шараларын жүргізіп, сенбіліктер өткізетін де кез келді. Бүгін біздің мектепте сенбілік өтіп, барлық ұстаздар, қызметкерлер, оқушылар ат салысты. Сенбілікке аумақты тазарту бойынша іс-шаралар жоспсры құрылып, әр сынып жинауы тиіс мектеп ауласының аумақтары бекітілді. Ұстаздар мен оқушылар белсенді түрде мектеп аумағындағы қоқыстарды жинап, тазарту жұмыстары жүргізілді.
Аудандық олипиада
03
сәуір
2023
Аудандық олипиада
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында өткен жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен мектебіміздің 8 сынып оқушысы Түсіпқан Есімжан III орынға ие болды. Жетекшісі В.С.Советхан. Құттықтаймыз!
Аудандық волейбол
03
сәуір
2023
Аудандық волейбол
Наурыз мерекесіне арналған ашық аудандық волейболдан 2011-2012 жылғы қыздар арасында Жарма ауданы бойынша БЖСМ біріншілігінен мектебіміздің қыздар командасы І орынға ие болды, "Үздік шабуылшы" номинациясымен Айтқұрман Жанерке марапатталды. Жетекшілері Н.К. Кусаинов. Құттықтаймыз!
1 сыныпқа құжаттарды қабылдау
01
сәуір
2023
1 сыныпқа құжаттарды қабылдау
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау бойынша электрондық жүйе жұмыс істей бастайды. Әр ата-ана мектепке өтінішті онлайн режимде бере алады. Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) www.egov.kz порталы арқылы ала алады. Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, қажетті ақпаратты толтырып, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек. 026/у-3 үлгісі бойынша "Баланың денсаулық құжаты"; 063/у үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжат;
"Жаңа форматтағы жайдарман"
01
сәуір
2023
"Жаңа форматтағы жайдарман"
Ағымдағы жылдың 1 сәуір күні "Жаңа форматтағы жайдарман" 1/8 ойынында мектебіміздің "Бурундуктар" командасы жақсы өнер көрсетіп жартылай финал ойынына жолдама алды. Жетекшісі А.Н.Баймурзаев. Құттықтаймыз!
"Бұрымды қыз" байқауы
17
наурыз
2023
"Бұрымды қыз" байқауы
Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне және Жарма ауданының 95 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған "Бұрымды қыз" байқауына қатысып III орынға ие болған мектебіміздің 8 сынып оқушысы Ерғали Еңлік марапатталды. Құттықтаймыз!
"Бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың рөлі" атты жалпы ата-аналар жиналысы
16
наурыз
2023
"Бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың рөлі" атты жалпы ата-аналар
2023 жылдың 16 наурыз күні "Бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың рөлі" тақырыбында 3-ші тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, мектеп психологы ата-аналарға тренинг ұйымдастырылды.
Ата-аналар жиналысы
18
қаңтар
2023
Ата-аналар жиналысы
13.01.2023ж мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі ІІ тоқсан қорытындысы, оқушылардың үлгерімі бойынша оқу ісінің меңгерушісі Н.К.Кусаинов есеп берді. Келесі мәселе, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Жарма АПБ ЖПКБ аға УПИ полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары: Мамилов Медет Калымжанович, Муратов Ринат Мирланұлы оқушылардың жалпы тәртібі және кешкі уақытта заңды өкілінсіз
жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
28
қазан
2022
жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
Ағымдағы жылдың 28 қазан күні мектебімiзде 2022-2023 оқу жылының 1 тоқсан қорытындысы бойынша жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында күн тәртібіндегi мәселелер талқыланып, қаралды. Ата-аналар тарапынан әр түрлі оқу - тәрбие үрдісіне қатысты сұрақтарға жауап берiлдi.