"Педагогикалық әдеп қағидалары" » «236 орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«№236 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 474-25-67
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-34-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Педагогикалық әдеп қағидалары"
19
тамыз
2019

"Педагогикалық әдеп қағидалары"

Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданатын қарым-қатынас, амал-тәсіл, әдістер құрамынан этика елеулі орын алады.
ЭТИКА- әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым. Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады. Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деген анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К.Д.Ушинскийдің айтқанындай, - түптеп келген психологиялық әдеп.
Педагогикалық әдепке анықтама беру үш түрлі көзқарасқа негізделеді.
оқушылармен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың әдептілігін сіңіру;
мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі;
мұғалім шеберлігінің бір бөлігі;
Осы анықтаманың біріншісі яғни мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, педагогикалық этика жайлы айта кетсек;
Ұстаз этикасы – мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика – ұжым ішінде, мұғалім-

дер арасында басталып, өзінің заңды жал-ғасын сыныптарда табуы тиіс.
Педагогикалық әдепке әрбір нақты жағдайда оқушыларға әсер етудің тиімді құралы педагогикалық тактика деп аталады. Барлық жағдайда, барлық педагогтар қолдана алатын нұсқаулар:
Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. (оқушының сөзбен де, көзбен де оның қадір-қасиетін қорламау, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту);
Ықпал жасау шамасы. (ол шамалап кінәлайды, шамалап мақтайды; Кейісті тоқтатады, әзілді тежейді, әр сөзді қашан айтады дөп басып біледі).
Шешімге келу. ( Ең жақсы шешім – байсалды шешім; Ашу –нашар кеңесші).
Көңіл қалдырмау. (көңіл қалдыру мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық кедергі).
Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. (оқушымен жеке сөйлесу– мұғалім шеберлігінің көрсеткіші, ондай әңгімеге сабақтан кем дайындалмау керек)
Оралымды жолдар. (әдепті мұғалім талап қойғыш, бірақ қазымыр болмайды).
Білімді бағалау. (жақсы баға –обьективті (оқушылар сөзімен айтқанда-әділ) баға.
Көңіл-күйі. (Егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кәсіп сыры осында.)
Әзіл. Тапқыр сөз. (өзі әзілді сүйетін, тапқыр сөзді мұғаліммен оқушылар ықыласты араласады, тіпті оның қателіктерін де кешіреді).
Педагогтық тактика. (Сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғағы, күлімсіреу, әсерлі көзқарас, ым қимылдардың жинақталған шоғыры, тұрақты сөз нұсқаларының, мәтелдердің айтарлықтай қоры, сондай-ақ, бірқатар артистік қимыл қозғалыстар және шешендік тәсілдердің қоры болуы тиіс).
Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сәлем сөздің анасы-деп бекер айтылмаса керек, кім болса да ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді.
Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние. Ондай болса тілдесу өнеріне келейік.
ҚАТЫНАС ЖАСАУ, ТІЛДЕСУ ӨНЕРІ:
Өз мінез-құлқын, сезімдерін басқара алу;
Бақылай, қадағалай алу;
Назарды басқа жаққа аудара алу;
Тәрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін түсіне білу және оны ескере білу;
«жүзіне қарап оқи алу»;
Оқушылармен байланыс жасай алу;
Педагогикалық іс-әрекетте қарым-қатынас жасаудың барлық түрлерін қолдану керек (ақпарат алмасу; өзара әрекеттестікті ұйымдастыру; баланың тұлғалық қасиеттерін аша білу; оған ықпал ету және т.б.)
Педагогтың көңіл күйі – оның тәрбиелейтін зор күш-қуаты. Кімде – кім мұғалім көңілін бұзса, ол оқушыларымыздың тәрбиесіне зиянын тигізеді. Сондықтан өзіңіздің де, өз әріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болған жөн.
Педагогикалық әдеп қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Педагогикалық әдеп қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес әзірленді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларына негізделген.
2. Қағидалар білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері басшылыққа алатын педагогикалық әдеп қағидаттары мен нормаларының жалпы жиынтығын білдіреді.
3. Қағидалар ережелерін педагог қызметкерлердің білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібі сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады.
4. Педагогикалық әдеп қағидаларының мәтіні білім беру процесінің қатысушылары үшін қолжетімді белгілі бір орында орналастырылады.
2. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары
5. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) адалдық:
Педагог адалдығы олардың оқыту мен тәрбиелеу нәтижесіне, өз қызметіндегі түзетулерді жүзеге асыра білуіне, сынға және рефлексияға қабілетін дамытуға, оқушылардың, ата-аналардың, әріптестердің кез келген пікірі үшін ашықтығына жауапкершілігін білдіреді;
2) әділдік:
Педагог әділдігі оның бағалау кызметінің ашықтығын, олардың құрған білім беру ортасының айқындылығын білдіреді. Әділдік педагогке окушының, оның ата-анасының (заңды өкілдерінің), әріптестерінің құқығын бұзуға тыйым салады;
3) өзінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу:
Педагог өзінің кәсіби назарындағы объектілер болып табылатын окушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, білім алушының жетістігін (жетіспеушілігін) бағалауда әдептілік танытады.
Білім беру процесін қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға мүлдем жол бермейді;
4) жалпы адами құндылықтарды құрметтеу:
педагог жалпы адами құндылықтардың басымдылығын мойындай отырып, әрбір ұлт мәдениетін ерекшелігіне, құндылығына және қадір-қасиетіне құрметпен қарайды.
Педагог ұлтаралық қатынастар мәдениетін тәрбиелейді, білім алушыларды жасына, жынысына, тіліне, ұлтына, діни көзқарасына, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар мен барлық адамдардың құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуге үйретеді;
Педагог мектеп ұжымында сенім білдіру және құрметтеу ахуалын жасауға мүмкіндік туғызады;
5) кәсіби ынтымақтастық:
педагог мамандық мәртебесі туралы ойлайды, әріптестерінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтейді, мұғалім беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермейді.
Педагог, қандай да бір дұрыс емес нәрселерді жасауға, өз әріптестерінің сеніміне нұқсан келтіруге, олардың кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі жасауға, оларға қандай да бір шығын келтіруге жол бермейді. Педагог өз әріптестерінің теориялық және әдістемелік шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға, қиын жағдайға тап болған әріптестеріне көмек беруге жәрдем көрсетеді. Кәсіби ынтымақтастық жалғандық пен әділетсіздікті ақтауға қызмет етпейді;
6) үздіксіз кәсіби даму.
Педагог өзінің кәсіби шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін жетілдіреді.
3. Педагогикалық әдептің негізгі нормалары
6. Педагог қызметкер өз қызметінде:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
2) Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;
3) өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;
4) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;
5) еңбектәртібін бұлжытпай сақтайды;
6) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;
8) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
9) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
10) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.
7. Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;
3) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
4) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.
8. Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:
1) жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
2) баска педагог қызметкердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив