21
қаңтар
2019
Ата - аналар жиналысы
«Қамқорлық», «Қазақстан – мейрімділік мекені» дәстүрлі республикалық акцияларының барысында мектебіміздің психологы Л.Г.Абдрасулованың жетекшілігімен «Баланың тұлғалық қалыптасуындағы ата-ананың ролі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Барысында ролдік ойындар, метафора әдістері, пікір алмасу арқылы ата-аналар өздерін бала ретінде сезініп, осы жастағы балаға ата-ананың қолдауы, махаббаты, отбасылық ынтымақ қаншалықты қажет екендігін бойларынан өткізді. Рефлексия барысында баланы тұлға ретінде қалыптастыруына ата-ананың өзінің өзгеруі маңызды екендігін түсінді.
Іс-шара нәтижесінде ата-аналар үлкен жағымды әсер алып, табысты жұмыс атқарды. Бүгінгі тренинг - бала тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланысболуы маңыздылығының көрінісі болып табылады.
Ата-аналармен жұмысты «Жақсылық – жан шуағы», «Атаның сөзі, ақылдың көзі» тақырыптарында әрі қарай сынып жетекшілері жалғастырды.