Оқушылар жетістіктері » Страница 5 » «236 орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«№236 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 474-25-67
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-34-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Күз ғажайыптары" атты қол өнер
19
қазан
2022
"Күз ғажайыптары" атты қол өнер
Қазанның 17-22 аралығында Мектебімізде "Күз ғажайыптары" атты қол өнер жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: күзгі табиғаттың байлықтарынан ерекше әсер алып, сол арқылы балалардың эстетикалық сезімдерін ояту. Аталмыш көрмеге 1 - 4 сыныптардың балалары белсене қатыс­ты. Олар көз тартатын күзгі көріністі әр түрлі жарық бояуларда жеткізе алды. Оқушылардың бәрі ұшқыр қиял иелері екендерін көрсетті.
Мәнерлеп оқу сайысы
18
қазан
2022
Мәнерлеп оқу сайысы
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған Республикалық байқаудың «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша жеңімпаздар 4-сынып оқушылары Асхат Дәулет пен Қаирбекұлы Қажымұқан І дәрежелі дипломдармен марапатталды.Жетекшілері Баядилова Назгуль Турсынгазиновна
" Qazaq mektebi"
12
қазан
2022
" Qazaq mektebi"
Мектебімiздiң 2 сынып оқушысы Қазбек Ұлпан " Qazaq mektebi" әдістемелік- танымдық журналының ұйымдастыруымен өткен "Өлең сөздің патшасы " атты "Абай оқулары" бейнебайқауына қатысып мадақтама алды, 2 сынып оқушысы Асхат Амина " Qazaq mektebi" әдістемелік- танымдық журналының ұйымдастыруымен өткен "Бояулар құпиясы " жас суретшілер байқауына қатысып 1 орынды иеленді.
"ҚР 100 дарынды оқушысы"
11
қазан
2022
"ҚР 100 дарынды оқушысы"
Мектебімiздiң 3-сынып оқушысы Әскерхан Шахнұр "ҚР 100 дарынды оқушысы" атты республикалық байқауына қатысып, жұмысы үздік деп танылғаны үшін 2022 жыл- "Балалар жылына" орай дарынды балалармен байланыс орнату мақсатында 1-қазан күні ұйымдастырылған "Жаңа Қазақстанның үміт артарлары" атты республикалық оқушылар форумына қатысып,жеңімпаз деп танылғаны үшін І дәрежелі дипломмен , "үздік дарынды оқушы" төс белгісімен марапатталып, Н.Назарбаевтың кітабы сыйға тартылды. Жетекшісі Абжатова Жанар
"Тiл ел - байлығы"
16
қыркүйек
2022
"Тiл ел - байлығы"
Тiлдер күніне орай "Тiл ел - байлығы" атты округтер арасында эссе жазудан 11 сынып оқушысы Аскарова Аида 1 орынға иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даулетова Венера Сатбековнаны құттықтаймыз. Оқушыларыңыз тек қана биiктерден көрiне берсін.
Олимпиада жетістіктері
28
наурыз
2017
Олимпиада жетістіктері
2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық  жобаларының «Зерде» республикалық конкурсы                    Оқушының аты- жөні Сыныбы Жобаның тақырыбы Секция Жетекші мұғалім орын Айдаров Арсен   2 «Ә» Бал татыған балмұздақ қорғау жолдары   Дүниетану   Ж.А.Магамадиева   3     Республиканский конкурс сочинение-эссе «Целостность языка-целостность государства»            
Алтын кұз мерекесі
18
қазан
2022
Алтын кұз мерекесі
Ағымдағы жылдың 17 қазан күні мектебімiзде 5-8 сыныптар арасында "Алтын күз - 2022" атты сайыс ұйымдастырылды. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Оқушылар сайыста өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетті. Кезеңдерден сүрiнбей өтiп, көзге түскен 8 сынып оқушылары Қалибек Темірлан мен Скакова Румиса "Күз ханзадасы мен ханшайымы" атағына ие болды. Құттықтаймыз!
"Ақберен" байқауы
16
ақпан
2019
"Ақберен" байқауы
Шығармашыл балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету, табиғи танымдық қабілеттерін айқындау, кәсіби бағдар беру, жас дарындарға шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасау мақсатында "№236 орта мектебі" КММ - де аймақтық "Ақберен" байқауы өтті. Сайысқа 5 мектеп қатысты: 1.№236 орта мектебі 2.Жаңғызтөбе орта мектебі - балабақша кешені 3.Жамбыл атындағы орта мектебі 4.Қажыгелді атындағы орта мектебі 5.Малай негізгі мектебі Байқау 5 номинация бойынша өткізілді: «Шешендік өнер»,«Көркемсөз