Оқушыларға » Страница 5 » «236 орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«№236 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 474-25-67
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-34-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қыста оқимыз"
06
қаңтар
2023
"Қыста оқимыз"
"Қыста оқимыз" қысқы демалыс кезеңінде оқыған кітап кейіпкерлерінің портретін сал! "№236 орта мектебі" КММ-сінің 6 сынып оқушысы Жанахмет Айзере Ринатқызы #Қыста оқимыз
Грек-рим күресі
21
желтоқсан
2022
Грек-рим күресі
Грек-рим күресінен 2010-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Болат Тұрлыхановты еске алуға арналған V-ші Ашық облыстық турнирде 57 кг салмақта мектебiмiздiң 7 сынып оқушысы Қазез Жасұлан 2 орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"Кенгуру - математика барлығы үшін" атты Республикалық олимпиадасы
10
қараша
2022
"Кенгуру - математика барлығы үшін" атты Республикалық олимпиадасы
2 сынып оқушылары "Кенгуру - математика барлығы үшін" атты Республикалық олимпиадасының жеңімпаздары атанды, жетекшілері Смагулова Арайлым Каленбековна. Құттықтаймыз!
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
25
қазан
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 25 қазан - Республика күніне орай "Республикам менiң" атты челленджiн 5 сынып оқушылары бастады.
"Күз ғажайыптары" атты қол өнер
19
қазан
2022
"Күз ғажайыптары" атты қол өнер
Қазанның 17-22 аралығында Мектебімізде "Күз ғажайыптары" атты қол өнер жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: күзгі табиғаттың байлықтарынан ерекше әсер алып, сол арқылы балалардың эстетикалық сезімдерін ояту. Аталмыш көрмеге 1 - 4 сыныптардың балалары белсене қатыс­ты. Олар көз тартатын күзгі көріністі әр түрлі жарық бояуларда жеткізе алды. Оқушылардың бәрі ұшқыр қиял иелері екендерін көрсетті.
Мәнерлеп оқу сайысы
18
қазан
2022
Мәнерлеп оқу сайысы
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған Республикалық байқаудың «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша жеңімпаздар 4-сынып оқушылары Асхат Дәулет пен Қаирбекұлы Қажымұқан І дәрежелі дипломдармен марапатталды.Жетекшілері Баядилова Назгуль Турсынгазиновна
" Qazaq mektebi"
12
қазан
2022
" Qazaq mektebi"
Мектебімiздiң 2 сынып оқушысы Қазбек Ұлпан " Qazaq mektebi" әдістемелік- танымдық журналының ұйымдастыруымен өткен "Өлең сөздің патшасы " атты "Абай оқулары" бейнебайқауына қатысып мадақтама алды, 2 сынып оқушысы Асхат Амина " Qazaq mektebi" әдістемелік- танымдық журналының ұйымдастыруымен өткен "Бояулар құпиясы " жас суретшілер байқауына қатысып 1 орынды иеленді.
"ҚР 100 дарынды оқушысы"
11
қазан
2022
"ҚР 100 дарынды оқушысы"
Мектебімiздiң 3-сынып оқушысы Әскерхан Шахнұр "ҚР 100 дарынды оқушысы" атты республикалық байқауына қатысып, жұмысы үздік деп танылғаны үшін 2022 жыл- "Балалар жылына" орай дарынды балалармен байланыс орнату мақсатында 1-қазан күні ұйымдастырылған "Жаңа Қазақстанның үміт артарлары" атты республикалық оқушылар форумына қатысып,жеңімпаз деп танылғаны үшін І дәрежелі дипломмен , "үздік дарынды оқушы" төс белгісімен марапатталып, Н.Назарбаевтың кітабы сыйға тартылды. Жетекшісі Абжатова Жанар
"Тiл ел - байлығы"
16
қыркүйек
2022
"Тiл ел - байлығы"
Тiлдер күніне орай "Тiл ел - байлығы" атты округтер арасында эссе жазудан 11 сынып оқушысы Аскарова Аида 1 орынға иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даулетова Венера Сатбековнаны құттықтаймыз. Оқушыларыңыз тек қана биiктерден көрiне берсін.