01
қыркүйек
2023
Білім күні
" N236 орта мектебі" КММ- де 1 қыркүйек - Білім күніне орай "Сыңғырла, алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны өтті. Сонымен қатар барлық сыныптар бойынша "Мектебім- мейірім мекенім!" атты сынып сағаттары өткізілді. Бұл тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың мейірімділік, қарапайымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, оның өмірдегі маңыздылығын түсіндіру және де мейірбандылыққа тәрбиелеу. Сабақта балалар "Мейірімділік деген не? Оған адамның бойында қандай қаситтер жатады? " деген сұрақтар төңірегінде өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Және де осы тақырыпта нақыл сөздер, мақалдар айтылды. Оқушылар белсенділік танытып, сынып сағаттары жақсы деңгейде өтті.