13
сәуір
2019
Семинар психологов
2019 жылдың 11 сәуір күні №236 орта мектебінде Жарма ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында аудандық мектеп психологтарының семинары өткізілді. Семинардың мақсаты – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін өз тәжірибелерінде қолдана отырып, өзара тәжірибе алмасу, психологтардың кәсіби шеберлігін шыңдау.
Семинар 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең – ұйымдастыру кезеңі. Бұл кезеңде мектепке келеген қонақтармен шығармашылық платформасы ұйымдастырылып, семинардың ашылуына байланысты Жарма аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ж.С.Жанакова келген мамандарға сәттілік тілеп, мектеп психологы Л.Г.Абдрасулова «Болашаққа бастар жол» атты қарым-қатынас жаттығуларын өткізді.
2 кезең – практикалық кезең барысында «Т.Хасенұлы атындағы орта мектебі» КММ-нің психологы Г.Ж.Леспаева 3 сынып оқушыларымен «Танымдық қабілеттерді дамытуға арналған ойындар және жаттығулар» тақырыбында шебер сынып, «Георгиевка орта мектебі» КММ-нің психологы А.Н.Кокиева 5 сынып оқушыларымен «Менің шұғылалы әлемім» арт-терапия элементтерімен практикалық сабақ, «Салқынтөбе негізгі мектебі» КММ-нің психологы 7 сыныппен «Біз әртүрліміз, біз біргеміз» тақырыбында психологиялық ойын және «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ-нің психологы И.К.Садвакасова «Сенімділік – менің серігім» тақырыбында 10-11 сынып оқушыларымен коучинг өткізді. Үзілісбарысында «Бақыршық орта мектебі» КММ-нің психологы Ж.К.Баянжанова мен «Н.Крупская атындағы орта мектебі» КММ-нің психологы Ж.Г.Асыкпаева 6 сынып оқушыларымен психогимнастика ұйымдастырып өткізді.
3 кезең – шығармашылық кезең барысында «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ-нің психологы К.С.Жумукбаева, «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің психологыИ.Т.Тагиева, «Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ-нің психологы Г.Ш.Кожебаева, «№236 орта мектебі» КММ-нің психологы Л.Г.Абдрасулованың ұйымдастыруымен TEDx форматында педагогикалық идеялардың шеберханасы өткізілді.Семинар соңында психологтардың қатысуларымен мектептің спорт залында тимбилдинг ұйымдастырылып, барлық қатысушылар белсенділік танытты. Нәтижесінде семинарға қатысушылар «Еркін микрофон» әдісі арқылы өткен семинар туралы пікірлерін айтып, іс-шаралар мен ұйымдастырушыларға баға беріп, алғыстарын білдірді.