Қазақстан - мейірімділік мекені » «236 орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«№236 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 474-25-67
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-34-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан - мейірімділік мекені
31
қаңтар
2019

Қазақстан - мейірімділік мекені

2019 жылдың қаңтар – маусым айлары аралығында «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы біздің мектепте де өз бастауын алды. Акцияға байланысты әр сыныпта гүлдерді күтіп ұстау, үлкендерге құрмет көрсету туралы әңгімелер жүргізілді.
Мектептің ауласын көркейту және еңбек тәрбиесіне баулу мақсатында ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен «Ертегілер әлемі» атты қар қалашығы салынды.
Сонымен қатар, акция шеңберінде мектебіміздің психологы Л.Г.Абдрасулованың жетекшілігімен «Баланың тұлғалық қалыптасуындағы ата-ананың ролі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Барысында ролдік ойындар, метафора әдістері, пікір алмасу арқылы ата-аналар өздерін бала ретінде сезініп, осы жастағы балаға ата-ананың қолдауы, махаббаты, отбасылық ынтымақ қаншалықты қажет екендігін бойларынан өткізді. Рефлексия барысында баланы тұлға ретінде қалыптастыруына ата-ананың өзінің өзгеруі маңызды екендігін түсінді.
Іс-шара нәтижесінде ата-аналар үлкен жағымды әсер алып, табысты жұмыс атқарды. Бұл тренинг - бала тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланыс болуы маңыздылығының көрінісі болып табылады.
Ата-аналармен жұмысты «Жақсылық – жан шуағы», «Атаның сөзі, ақылдың көзі» тақырыптарында әрі қарай сынып жетекшілері жалғастырды.
Дүйсенбі сайын мектепішілік тізілісте үнемі оқушылар мен ұстаздардың марапаттаулары жүргізіледі. Жеңімпаздар үлкен қолдау мен қошеметтерге ие болады. Сонымен қатар, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында әр кезекші сынып апта бойы оқыған кітаптарын насихаттап, оның тәрбиелік маңыздылығын көрсетеді.
Атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат Facebook әлеуметтік желісі мен мектептің сайтында орналастырылды.










Похожие публикации:

22 қараша 2018 ЖҚТБ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив