17
қыркүйек
2019
Отбасы - бақыт мекені
«Отбасы – бақыт мекені»
Мектебімізде «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбымен апталық өз бастауын алды. Апталық мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау; отбасылық тәрбие мен отбасылық құндылықтар туралы тұжырымдаманы қалыптаастыру; отбасында оң қарым-қатынастарды насихаттау, ата-аналар мен балалардың жақындасуына ықпал ету.
Іс – шара барысында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Апталыққа байланысты бастауыш сынып оқушылары мектеп алаңына отбасы тақырыбына байланысты суреттер салды, флешмоб ұйымдастырылды.Соңынан барлық акцияға қатысушылар мектептің спорт залында өткізілген спорттық қызықты эстафетаға жалғасты. Эстафета оқушылар, ата-аналар мен ұстаздардан құралған топтардан тұрды. Жарыс барысында ұжымдық құндылықтарды, татулық пен шаттықты дәріптейтін ойын түрлері кірістірілді.
«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбына сыныптарда тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаттары өтті. Сондай – ақ отбасылық суреттерден көрме, фотоколлаж ұйымдастырылды. Апталық нәтижесі ретінде бейнеролик жасалды.
Бақыттың , шаттықтың мекені – отбасы туралы оқушыларымыз апталық барысында тәрбиелік мәні зор көп түсінік алды.